1171 баланың әкесі және «жауынгер патша» Мулай кім болған?

1171 баланың әкесі және «жауынгер патша» Мулай кім болған?

Марокколық сұлтан Мулай Ысмайылдың 548 ұлы және 340 қызы болыпты-мыс. Әр жиырма күнде бір перзенті дүниеге келіпті.

Бүгін біз 18 ғасырдағы дүниежүзі бойынша аңыз адам, Марокко елінің билеушісі Ысмайыл Мулай патшасы туралы айтпақпыз.

Ол өзінің қаталдығымен қоса ұрда-жық мінезімен тарихта есімі қалған. Ал оның дүниежүзіндегі көп баланың әкесі атанғаны оны Гиннестер кітабынан орын алуына әкеліпті.

Ол билік басына 26 жасында келіп, 81 жасына дейін тақ иегері атанған екен.

Оқырманды Мулай Ысмайылдың жаугершілігінен гөрі, оның жеке өмірі қызықтырары сөзсіз. Дерек бойынша оның төрт заңды жұбайынан бөлек, «харам сарайында» 500 ге жуық түкпір-түкпірден жиналған «еріксіз күңдері» махаббат түнін сыйлаған. Патшаның нақты қанша баланың әкесі болғаны белгісіз. Алайда француз дипломаты Доминик Бусно 1704 жылы Мулайдың 1171 баласының барын айтқан екен. Және ол кезде 57 жастағы патшаның заңды некедегі төрт жары болыпты. Ал Мулай патшаның 1171 перзенті бола тұра, 888 баланың әкесі деп енгізіпті.

Ысмайыл Мулай патшаның елін бір жұдырықта ұстап отырғанын жазады тарихшылар. Сондай-ақ барлық мемлекеттік істерін жалғыз өзі басқарған деген деректер де жоқ емес. 55 жыл билікте отырған қатігез патшаның басқару тәртібі қара халыққа ұнай қоймаған шығар?!

Send a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған