Шымкент: коронавирустан жазылып шыққандардың саны 2857-ге жетті

Шымкент: коронавирустан жазылып шыққандардың саны 2857-ге жетті

Бүгін Шымкент қаласы ақпараттық-коммуникациялық орталығында қаладағы эпидемиологиялық жағдай бойынша онлайн брифинг өтті.

Брифинг барысында Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушысы Тимирхан Варзилов және аталған басқарманың жетекші маманы Дәулет Шорабаев қаладағы эпидемиологиялық ахуал төңірегінде баяндады.

Т. Варзиловтың мәлімдеуінше, қазіргі таңда Шымкентте эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Науқастарға қажетті медициналық көмек берілуде. Ағымдағы жылдың 1 қаңтары мен 23 шілде аралығында қалада 12 595 пневмония жағдайы тіркелген. Бүгінге дейін пневмония дертінен жазылып шыққан науқастардың саны – 10 263. Дертінен сауыққандардың басым бөлігі егде жастағы азаматтар.

Сондай-ақ бүгінде қалада 4554 COVID-19 жағдайы тіркелген. Оның ішінде 2319 симптомдық, 2235 симптомсыз жағдай. Өткен тәулікте коронавирус инфекциясы бойынша 36 жағдай тіркелген. Қауіпті індеттен сауығып шыққан науқастар саны – 2857.

“Қазіргі таңда қала бойынша инфекцияға шалдыққан науқастарды емдеу үшін 3860 төсек-орын бар (650 – инфекциялық, 3210 – провизорлық). Оның ішінде бос төсек-орын саны – 2348 (286 – инфекциялық, 1226 – провизорлық). Инфекциялық стационар төсектерінің толымдылығы 44% болса, провизорлық станционарлардың толымдығы 38,2% пайызды құрайды. Ауыр дәрежедегі науқастар үшін инфекциялық стационарларда 60 реанимациялық төсек, провизорлық стационарларда 91 төсек бар. Реанимациялық төсектердің толымдылығы – 70,9%. Сондай-ақ алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарының базасында қосымша 628 төсектік күндізгі стационар ұйымдастырылған, – деді Т. Варзилов.

Брифингте Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушысы Т. Варзилов бүгінгі таңда Шымкентте дәрі-дәрмек қоры жеткілікті екенін атап өтті.

“Қаланың медициналық мекемелерінде бүгінгі күні 339 өкпені жасанды желдету аппараты (ИВЛ), 673 «Бобров» тыныс алу аппараттары қолданыста бар. Қосымша 2 ауруханада оттегі станциясын іске қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бір ай ішінде тағы аурухана жанынан 3 аурухана қосылады. Шымкент қаласындағы медициналық ұйымдар қосымша екі айға жететін дәрі-дәрмекпен қамтылған. Мәселен, қазір дәрі-дәрмектер қорында температураны төмендететін препараттар саны – 328 027. Сондай-ақ қорда вирусқа қарсы препараттардың 70 570 данасы, 135 059 антибиотиктер, 79 800 антикогулянттар, 110 532 дана емге қажетті витаминдер бар”, – деді Т. Варзилов.

Send a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған