«Түркілер төрі Түркістан» – шежіре!

«Түркілер төрі Түркістан» – шежіре!

Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков биыл 75 жасқа толған Халықаралық Алаш сыйлығының лауреаты, жазушы Мархабат Байғұттың шығармаларын Түркістан өңірінің шежіресіне теңеді. Бұл туралы ол бүгін Түркістанда өткен «Түркілер төрі Түркістан» онлайн конференциясында айтты.

Онлайн жиын барасында жазушының конференциямен аттас «Түркілер төрі Түркістан» атты кітабының таныстырылымы болды.

– Мархабат Байғұттың шығармалары ұлтымыздың ұйытқысы болған Түркістан өңірінің шежіресі іспетті, – деді қаламгерді онлайын құттықтаған Сайрам ауданының әкімі.

Айта кетейік, бүгін Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының қолдауымен, Қазақстан Журналистер одағы және Жазушылар одағының Түркістан облыстық филиалдарының бірлесе ұйымдастыруымен Түркістан қаласында «Түркілер төрі Түркістан» онлайн конференциясы өтті. Аталған шараға еліміздің түкпір-түкпірінен 300-ден астам адам онлайн жүйесі арқылы қатысты.

Түркістан өңіріндегі тарихи маңызы бар қасиетті жерлерді насихаттаудағы әдеби шығармалардың рөлі, мүмкіндіктері мен әлеуетін жан-жақты талқылау, қастерлі құндылықтарымызды көпшілік аудиторияға әдеби, тарихи және публицистикалық тұрғыда жеткізудің тың жолдарын қарастыру тақырыбында өткен конференция , «Алаш» сыйлығының иегері Мархабат Байғұттың 75 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келді.

Елімізге белгілі ғалымдар, қаламгерлер, Сенат, Мәжіліс, Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары, облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, аудан, қала әкімдері, сондай-ақ, Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан елдерінің жазушылары, әдебиеттанушылары қатысып, сөз сөйлеген конференцияда Түркістанның тарихына, оның мән-маңызына қатысты құнды пікірлер айтылды.

Send a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған