Сала үздіктері марапатқа ие болды

Сала үздіктері марапатқа ие болды

Биыл Қазақстан Республикасының Конституциясына 25 жыл толды. Мерейлі мереке қарсаңында Сайрам аудандағы еңбегі елеулі азаматтар «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» медалімен марапатталды.

– Қоғамның өркендеуіне қарқын қосып, Қазақстан халқының бірлігіне жол бастаған Ата Заңымыз бүгінде өзінің өміршеңдігін дәлелдеді. Бұдан әрі де ел бірлігі мен қоғамдық және рухани келісім, саяси тұрақтылықтың кепіліне айнала берері сөзсіз! Құрметті марапат иелері, бұл мерекенің мәртебесі артуына сіздер де орасан үлес қостыңыздар. Сол еңбектің құрметіне алған марапаттарыңыз құтты болсын! – деді медальдарды тапсырған аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков

Айта кетейік, Сайрам ауданында мемлекеттік мерекенің медалі 47 азаматқа тағайындалды.

Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Send a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған