Кәсіп болмай, нәсіп болмас

Кәсіп болмай, нәсіп болмас

«Жаздың бір күні – қыстың мың күніне татыр» демекші, Қарасу  ауылындағы жеке кәсіпкер «Айдынов» көкөніс өнімдерін консервілеу цехында жұмыс қайнап тұр.

Мұндағы жеміс-жидек пен көкөністің сан түрінен жабылған өнімдер Қазақстанның барлық аймақтарында сатылымға шығады.

Ал Сайрам ауданына қарасты Ақбай ауылында жеке кәсіпкер Асан Кулиев жалпы көлемі 4,5 гектар аумақта жылыжай құрылысын жүргізуде.

Аталған өндіріс орындарын арлаған аудан басшысы Ұласбек Сәдібеков кәсіпкерлерге әкімдік тарапынан қандай қолдау қажеттігін сұрап, өнімді іске береке тіледі.

Іс-сапар соңында Қарасу ауылдық округіндегі Әйтеке би ауылының жаңақұрылыс аумағына барды. Мұнда 76 гектар аумақты ауыз сумен қамту мақсатында басталған құрылыс жұмыстарының жайымен танысты.

Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Send a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған