Ер адам әйелі мен сәбиін өлтіріп, артынша өз-өзін өртеп жіберді

Ер адам әйелі мен сәбиін өлтіріп, артынша өз-өзін өртеп жіберді

Екі қызы көршілеріне қашып үлгерген.

Наманган қаласында ер адам әйелін және үш бірдей қызына балта алып жүгіріп, соңында өзіне өрт қойған. Әйелі мен биыл ғана дүние есігін ашқан сәби оқиға орнында көз жұмған, – деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі centralasian.org сайтына сілтеме жасап.

Ақпаратқа қарағанда, қайғылы оқиға 13 маусымда болған. Сол күні 44 жастағы жұмыссыз еркек 36 жастағы әйелімен жанжалдасып қалған. Одан кейін әйеліне қол көтерген, оған қоса, 10, 8 және бір жасқа толмаған қыздарына да балта алып жүгірген. Екі қызы көршілеріне қашып үлгерген. Осыдан кейін ер адам өзін өртеп, қайтыс болған.

Бұл оқиға бойынша облыстық прокуратура қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр.

Send a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған